Қоғам

Жаңа лауазым: мәжіліс депутаты Жоғарғы сот судьясы болды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание Верховного суда Республики Казахстан
Здание Верховного суда Республики Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Жаңадан сайланған судья сенаторлардың алдында ант берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым - Sputnik. Сенат депутаттары мәжілісмен Қанат Мусинді Жоғарғы сот судьясы қызметіне тағайындауды қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар алдымен Жоғарғы сот судьясы Денис Шиппті қызметінен босату туралы қаулыны қарап, бірауыздан қабылдады. Жақында Шипп президент жарлығымен Жоғары сот кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Осыған байланысты судья қызметінен босатылып отыр. Ал оның орнына мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин ұсынылды. Сенат депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан қолдады. Жаңадан сайланған судья сенаторлардың алдында ант берді.

Мусин туралы не білеміз?

Қанат Сергейұлы Мусин 1966 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1989 жылы Целиноград қаласының прокуратура органдарында бастады. 

1992 – 1998 жылдары - тергеуші, прокурор-криминалист, бөлім бастығы, Ақмола қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары.

1998 жылдың маусымында Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, ал қараша айында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

2001 жылдан бастап қаржы полициясында жұмыс істеді. 2007 – 2010 жылдары Қауіпсіздкк Кеңесі хатшылығының бас сарапшысы, бас инспекторы, меңгерушісінің орынбасары болды.

2010 – 2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2012 жылы Астана қаласы әділет департаментінің басшысы болды.  

2016 жылдан бастап парламент мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

Жаңалықтар
0