Қоғам

Коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханалар жабылып жатыр – Цой

© Sputnik / Тимур БатыршинМедициналық мекеме
Медициналық мекеме - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша, соңғы айда емдеуде жатқан науқастар саны 20 мыңға немесе 2 есеге дейін азайған

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Республика бойынша аурушаңдық төмендеп келеді. Өткен аптамен салыстырғанда соңғы жұмада індетке шалдыққандар саны 11 мыңнан 8 мыңға дейін азайды. Мамырдан бастап вирус жұқтыру деңгейі 2,1 есеге төмендеді", – деді ол үкімет отырысында.

Айтуынша, соңғы айда емдеуде жатқан науқастар саны 20 мыңға немесе 2 есеге азайған.

"Өңірлерде коронавирус жұқтырғандар үшін қосымша ашылған ауруханалар саны біртіндеп азая бастады. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 330 төсек-орындық 4 стационар, Алматыда шамамен 2 000 төсек-орындық 11 стационар жабылды", – деді ол.

Соңғы айда инфекциялық және реанимациялық бөлімдерде науқастар саны тиісінше 1,9 және 1,5 есеге азайған.

Оқи отырыңыз: Нығматулин Цойға: "Окоптан" шығатын кез келді

Цой Қазақстан "сары" аймақтан "жасылға" ауысқанын, аурушаңдық оптимистік сценарий бойынша өрбіп жатқанын атап өтті.

Оптимистік сценарий кезінде республика бойынша тәулігіне 1 260 адамға дейін вирус жұқтырады.

Жаңалықтар
0