02:04 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2462 0 0

Берік Уәлидің мәлімдеуінше, мемлекет басшысы үкіметке депутаттық корпуспен бірлесіп, қолданыстағы қазіргі заң жобасы аясында кейбір заң нормаларын қайта қарастыруды тапсырған

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында арнайы жазба жариялады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Конституциялық кеңес құжаттың Қазақстан Республикасының ата заңына сай келетінін мәлімдеді", – деді ол.

Уәлидің мәлімдеуінше, мемлекет басшысы үкіметке депутаттық корпуспен бірлесіп, қолданыстағы қазіргі заң жобасы аясында кейбір заң нормаларын заңнамалық тұрғыдан нақтылау жөніндегі конституциялық кеңестің ұсыныстарын қарастыруды тапсырған.

Айта кетейік, 12 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің 2021 жылы 8 сәуірде қабылдаған "Адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының конституцияға сәйкестігі туралы конституциялық кеңеске жүгінген.

Оқи отырыңыз: Банктің "қара тізімінен" 500 мыңға жуық адам шығады: Тоқаев заңға қол қойды

Кеңес заңның конституцияға сәйкестігін мойындады, бірақ "оның кейбір ережелерімен байланысты нормалардың екіұштылығы мен орынсыз қолданылуға жағдай туғызуы мүмкін" екендігіне назар аударылған.

Тақырып бойынша

"Зор мақтаныш": Тоқаев Жансая Әбдімәлікті құттықтады
Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті – Ақорда ресми хабарлама таратты
Тоқаев: адам құқықтары саласындағы шараны жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі
1,4 миллион адам қайтадан қарыз алу құқығына ие болды - Тоқаев Әбілқасымованы қабылдады
Ресейлік журналист Тоқаев жайлы авторлық хабарын жариялады
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, заң
Загрузка...

Басты тақырып