22:00 16 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR517.55
  • RUB5.94
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

Бүгін Президент "Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы" жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі екенін айтып өтті.

"Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке оны орындау үшін шұғыл шаралар жоспарын қабылдауға тапсырма берілді", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге салсақ, бүгін президент "Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы" жарлыққа қол қойған болатын.

​Онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:

  • БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
  • адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
  • мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
  • әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
  • бірлесу бостандығына құқық;
  • пікір білдіру бостандығына құқық;
  • адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
  • үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
  • адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары. 

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелді. 

Кілт сөздер:
жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып