Қоғам

Қазақстандық бокс ардагері өмірден озды

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Ол 1962 жылы бокстан өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақ КСР жеңімпазы болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақ КСР, КСРО және Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Ашляев дүниеден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазбек Ашляев 1945 жылы наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Ол 1962 жылы бокстан өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақ КСР жеңімпазы, 1962 жылы жасөспірімдер арасында КСРО біріншілігінің чемпионы атанды. 1964 жылы ересектер арасында КСРО біріншілігін жеңіп, бокстан Еуропа Кубогын жеңіп алды.

Оқи отырыңыз: "Ол тұлға болатын": Назарбаев Манура Ахметованың отбасына көңіл айтты

Ашляев туризм және спорт министрінің орынбасары және  Білім министрлігінің дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Жаңалықтар
0