Қоғам

Қазақстанда коронавирус бойынша "қызыл" аймақта бір ғана өңір қалды

© Sputnik / Абзал КалиевҚызыл түсті шам жанған бағдаршам
Қызыл түсті шам жанған бағдаршам - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан (203) мен Алматы қаласында (138) тіркелді

АЛМАТЫ, 9 маусым – Sputnik. Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша қазір Нұр-Сұлтан қаласы ғана коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Елордада соңғы тәулікте инфекция анықталғандар саны күрт өсті.

  • Ал "сары" аймақта Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облысы тұр.
  • "Жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысы бар.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1 000 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Ал бір күн бұрын 768 адамнан инфекция анықталған болатын. Өңірлер бойынша Нұр-Сұлтанда 203, Қарағанды облысында 142, Алматы қаласында 138 адам тіркелді.

Оқи отырыңыз: Сағынтаев карантин кезінде кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетілетінін айтты

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 396 832 адамға жетті.

Жаңалықтар
0