Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды

© AFP 2024 / CHRISTOPHE ARCHAMBAULTЖасанды тыныс алдырту аппараты
Жасанды тыныс алдырту аппараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Ресми статистика бойынша елде COVID-19 құрбандарының жалпы саны 4,1 мың адамнан асты, ал "ковидтік" пневмониядан 3,3 мыңнан аса адам қайтыс болған

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан он бес, пневмониядан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

COVID-19-ға қатысты хабарландыру үлгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Қоғам
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті
Бұған дейін коронавирус пен пневмониядан 26 науқастың көз жұмғаны хабарланған еді.

Ресми мәліметтер бойынша пандемия басталғалы коронавирус инфекциясы 4 111 адамның,  "ковидтік" пневмония 3 398 адамның өмірін қиды.

9 маусымдағы жағдай бойынша 22 821 адам коронавирустан емделіп жатыр. Стационарларда 7 640 пациент, емханаларда 15 181 науқас ем қабылдауда.

538 пациенттің жағдайы ауыр, 114 адам хәл үстінде жатыр, 81 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 1 000 қазақстандықтың COVID-19 жұқтырғаны анықталды, тағы 119 науқас "ковидтік" пневмонияға шалдыққан.

Жаңалықтар
0