Қоғам

Томирис Байсафаның өлімі: сот үкімі шықты

© Photo : Рixabay/TatlinРука на стекле
Рука на стекле - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Сот көз жұмған қазақстандық бойжеткеннің туыстарына 30 миллион рубль (шамамен 413 мың доллар) көлемінде өтемақы төлеу туралы өтінішін қанағатандырмады

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Мәскеудегі сот қазақстандық студент Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Дағыстандағы жоғары қызметтегі бұрынғы шенеуніктің ұлына қатысты үкім шығарды.

Істі алқабилердің қатысуымен Мәскеудің Никулин соты қарады. Дүйсенбі күні алқабилер Меджидовқа қатысты ақтау үкімін шығарған болатын. Олар айыпталушының қыздың өліміне кінәлі екені дәлелденбеген деген тұжырымға келді. Осы кесімнің негізінде сейсенбіде сот үкім шығарды.

"Алқабилердің ақтау үкімін шығаруына байланысты Меджидов ақтталады", - деді РИА Новостиге соттың баспасөз қызметі.

Көз жұмған қазақстандық студенттің туыстары сотталушыдан 30 миллион рубль көлемінде өтемақы өндіруді талап еткен болатын. Алайда сот олардың бұл талабын қанағаттандырмады.

2018 жылдың сәуірінде Қазақстаннан барған 21 жастағы МХҚМИ студенті Томирис Байсафа оқу орнының ғимаратындағы төртінші қабаттан құлап түсті. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстандық студент қыздың өлімі бойынша Мәскеудегі тергеу амалдары үш жылға созылды. Ос іс бойынша Муртузали Меджидов өткен жылдың шілдесінде қамауға алынды. Биылғы жылдың наурызында іс сотқа жөнелтілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық студенттің өлімі: оқиғаға қатысты тың ақпарат шықты

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі өкіл Асқар Шәкіров біраз бұрын ресейлік әріптесі Татьяна Москальковадан істі жеке бақылауына алуды және "сындарды тергеу жүруін қамтамасыз етуді" сұрады. БАҚ-та жазылғандай, Томирис пен Муртузали екеуі кездесіп жүрген. Муртузали Меджидов – дағыстандық танымал саяси қайреткер әрі бизнесмен Мұхтар Меджидовтың ұлы.

Жаңалықтар
0