Қоғам

Қазақстанда әлеуметтік желідегі анонимді пабликтер жойылады

© Photo : Dean MoriartyСмартфондар
Смартфондар - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2021
Жазылу
Қазақстанда фейктерді анықтау қалай жүріп жатыр және не себепті бұл күрес жаңа әдістерді қажет етеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әлеуметтік желіде қаптап кеткен фейктерге қалай қарсы тұратыны туралы ведомство басшысы Аида Балаева айтып берді.

Өткен жылдың жазында Қазақстанда фейктерді анықтайтын сайт пайда болды. Министр Балаеваның айтуынша, ресурстың көмегімен қазіргі уақытта ресми орган 1 300 фейктің бетін ашты.

Ол әлеуметтік желідегі парақшаларды дербестендірудің маңыздылығын атап өтті. Бұл әсіресе қазақстандықтардың сауалдарына жедел әрі өз мекемесі тарапынан тиісті үлгіде жауап бере алатын бірінші басшыларға қатысты.

"Бүгінде көп ведомстволар мен олардың басшыларының, тіпті мемлекет басшысының әлеуметтік желіде белсенді парақшалары бар. Бұл азаматтардың анонимді пабликтер мен күмәнді дереккөздер жетегінде кетпей, жаңалықтарды ресми түрде құзырлы мекемелерден оқып-біліп отыратын жақсы әсер қалыптастырады. Бұл мәселеде бірінші басшылар қарапайым халық үшін қолжетімді болуы және өз тәжірибелері арқылы жаңа ұрпақты саяси истеблишментке үйретудің маңызы зор деп ойлаймын", - деді Аида Балаева Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Ол қазақстандық жастардың 60%-і елдегі жаңалықтар мен оқиғалар туралы әлеуметтік желі және блогтар арқылы хабардар болатынын атап өтті.

Аида Балаевамен болған сұхбаттың толық нұсқасын Sputnik Қазақстан сайтынан сағат 11.00-де оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз: Цукербергке берер жауабымыз: Астаналық оқушы жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты

Жаңалықтар
0