Қоғам

Үсік жүреді: cиноптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинЦветущие маки близ Алматы
Цветущие маки близ Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Қазгидромет Қазақстан бойынша 5-7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Демалыс күндері Қазақстан аумағында ауа райы бұзылады, деп болжады Қазгидромет мамандары.

Синоптиктердің мәліметінше, Скандинавия аймақтарынан келетін антициклон еліміздің солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.

"Түнде 2-7 градусқа дейін жылы болады, кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-20 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Ал оңтүстікте биік жотаның және Түркіменстаннан келетін жылы ауа массасы әсерінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.

Оқи отырыңыз: Маусымда ауа райы қандай болады

Жаңалықтар
0