Қоғам

Нұр-Сұлтанда 14 жасар бала жиырмасыншы қабаттан құлады

© Sputnik / Сергей МамонтовЖилой комплекс "Триумф Астаны" в Нур-Султане
Жилой комплекс Триумф Астаны в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
Тергеушілер жасөспірімнің жеке компьютерін тексеріп, өз-өзіне қол салуға үндейтін сайттар мен ойындарды анықтаған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірім 20-шы қабаттан құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"29 мамырда сағат 23:18-де Есіл аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Қабанбай батыр даңғылы бойында 20-шы қабаттың балконынан кәмелеттік жасқа толмаған баланың құлап кеткені туралы хабар түсті. Жасөспірім алған жарақатынан қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.

Қайғылы оқиға кезінде 14 жастағы баланың анасы үйде болған. Тергеушілер жасөспірімнің жеке компьютерін тексеріп, өз-өзіне қол салуға үндейтін сайттар мен ойындарды анықтаған жоқ. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Байқоңырда төртінші қабаттан құлап кеткен бір жасар бала аман қалды

Ресми мәліметке сәйкес, қаңтар-сәуір айларында республика бойынша кәмелеттік жасқа толмаған балалардың өз-өзіне қол салудың 53 оқиғасы тіркелді. Олардың ішінде 32 ұл және 21 қыз бар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15,2 процентке артық. Бұдан бөлек, 120 адам (21 ұл мен 99 қыз) өз-өзіне қол салуға тырысқан.

Жаңалықтар
0