Қоғам

Қазақстандық студенттер сағатына қалай 1 000 теңгеден таба алады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуСтуденты в защитных масках, архивное фото
Студенты в защитных масках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Балалар үйі, емханалар, қарттар үйінде көмектесетін волонтер студенттер ақшалай ынталандырылады

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда қоғамға пайдалы қызметпен айналысып жүрген ерікті студенттерге сағатына мың теңгеден ақы төленеді. Бұл туралы білім министрлігіне қарасты "Қаржы орталығы" АҚ президенті Асқар Ибраимов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ынталандыру әлеуметтік студенттік ваучер түрінде көрсетіледі. Студенттерге волонтерлік қызметтің 20 сағаты үшін білім беру ұйымы айқындаған екі академиялық кредитті есепке алуға және 20 мың теңге біржолғы ақшалай төлем алуға мүмкіндік беретін ваучер түрінде кредит ұсынылады", - деді ол брифингте.

Ал қоғамға пайдалы жұмыстың 50 сағаты үшін бес академиялық кредитті есепке алу және 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріледі.

Әлеуметтік студенттік кредит мына бағыттар бойынша әлеуметтік пайдалы іспен айналысатын студенттерге ұсынылады:

  • инклюзивті білім;
  • репетиторлық (қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылық);
  • девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс;
  • аула және спорттық клубтарды ұйымдастыру;
  • егде жастағы адамдармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс.
Жаңалықтар
0