Қоғам

Білім беру кредитінің мөлшерлемесі төмендейді

Жазылу
Бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін 2 миллиард теңгеге 7 мыңнан астам кепілдік берілген

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда білім беру кредитінің мөлшерлемесін төмендету жоспарланып отыр. БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ президенті Асқар Ибраимовтың айтуынша, ол жылдық 3-4 процент шамасында болуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ибраимов қазір білім беру кредиттері бойынша шарттарды жақсарту көзделіп отырғанын алға тартты. Мұны білім министрі тапсырған. Атап айтқанда, таяуда білім беру несиелерінің мөлшерлемесін төмендету бойынша жұмыс жүргізу қажет.

"Осыған орай, тиісті заңнамалық нормалар қабылданды. Орта мерзімді перспективада білім беру кредиттері бойынша ставка әжептәуір төмендейді, жылдық 3-4 пайыз шегінде құбылады деген болжам бар", – деді Ибраимов брифингте.

Айтуынша, бүгінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін 2 миллиард теңгеге 7 мыңнан астам кепілдік берілді. Оператор – "Нұрбанк".

Банк алдында "Қаржы орталығы" өтеусіз кепіл болады.

Оқи отырыңыз: Оқушылар қашан мектепке барып оқиды – білім министрі жауап берді

Қазақстандық студенттерге жоғары оқу орындары мен колледждерде оқу ақысын төлеу үшін кредит алу мүмкіндігі берілген.

Жаңалықтар
0