Қоғам

Шарын шатқалындағы трагедия: сотқа дейінгі тергеу басталды

© Sputnik / Тимур БатыршинЧарынский каньон
Чарынский каньон  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Жазылу
Алматы облысының полициясы сотқа дейінгі тергеу кімге қатысты басталғанын нақтыламады

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым - Sputnik. Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғадан кейін полиция екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Sputnik Қазақстан ақпаратын Алматы облысының полиция департаменті растады.

"Екі қылмыстық бап (306-баптың үшінші бөлігі және 141-баптың екінші бөлігі) бойынша тергеу басталды ", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 141-бабының екінші бөлігінде (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) міндеттерді дұрыс орындамау кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан әрекет қарастырылған. Кінәліге бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы көзделген.

Қылмыстық кодекстің 306-бабының үшінші бөлігі (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Алайда полиция өкілдері кімге қатысты тергеу басталғаны туралы нақтыламады.

Шарындағы қайғылы оқиға

29 мамыр күні Алматы облысында Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді. Сол күні Алматыдағы №199 гимназияның 8 оқушысы шатқалға экскурсияға шыққан. Оларды 5 ата-ана мен 3 мұғалім ертіп жүрген. Экскурсия демалыс уақытында болғандықтан мектеп әкімшілігімен келісілмеген. 

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, экскурсия ұйымдастырумен "Раджаби" ЖШС туристік агенттігі айналысқан.

Қайғылы оқиға салдарынан оқушы мен мұғалім көз жұмды, тағы бір оқушы жоғалып кетті. Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына алты адам түсті. 

30 мамырда сел ағызып әкеткен қыз аман-есен табылды. 

ТЖМ шарын шатқалы мен оның ойпаттары сел қаупі бар аумаққа жатпайтынын айтты. Бұл күндері "Қазгидрометтен" Алматы мен Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне қандай да бір сел тасқыны туралы дабылды ескерту келіп түспеген. Кейінірек, Қазгидромет төтенше жағдайлар департаментіне ауа райы болжамы жіберілгенін, алайда сол күні күтілген қысқа мерзімді жаңбырдың орнына нөсер жауғанын айтты.

Шатқалда сел емес, нөсер жауын салдарынан су мен балшық ағыны түзілген.

Жаңалықтар
0