НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі білім ведомствосымен бірлесіп білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынатын заттар тізімін жасады.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұған дейін бізде мұндай тізім болған жоқ", - деді ол үкімет отырысында.
Мектепке кіргізуге тыйым салынатын заттар:
- қару;
- пышақ;
- кастет;
- жарылғыш заттардың имитаторлары;
- аэрозольды бояулар;
- пиротехникалық заттар;
- газ баллондары.
Тұрғымбаевтың айтуынша, тиісті бұйрық қазір әділет министрлігінде тіркеуде жатыр.
Оқи отырыңыз: Барлық мектепте арнайы күзет болады – ІІМ ақпарат таратты
Бұған қоса ол мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке күзет ұйымдарына қосымша біліктілік талаптары енгізілетінін атап өтті.