Қоғам

ЮНИСЕФ Қазақстанға қыркүйекте бүкіл мектепті ашуға кеңес берді

© REUTERS / CARL RECINEУченический стол в школьном классе
Ученический стол в школьном классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Пандемия кезінде әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмады. Олардың қатарында қазақстандық оқушылар да бар

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен бірінші қыркүйекте барлық оқушы дәстүрлі форматқа оралуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"ЮНИСЕФ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жаңа оқу жылында бүкіл мектепті ашуға кеңес береді. Мектептер ең соңғы болып жабылып, ең бірінші болып ашылуға тиіс. Пандемия кезінде мектептердің жабылуы салдарынан әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмады. Олардың қатарында қазақстандық оқушылар да бар", - деді Дизен үкімет отырысында.

Айтуынша, білім министрлігі осы салдарды барынша жою үшін шұғыл шара қабылдау қажеттігін мойындап отыр.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі білім алуда жіберілген олқылықтарды анықтау үшін мониторинг жүргізуді ұсынды. Оның нәтижесі бойынша әрбір оқушыға жеке көңіл бөліп, білімді толықтыру бойынша бағдарламалар әзірлеп, сынақтан өткізуге кеңес берді.

"ЮНИСЕФ мұндай бағдарламаларды дайындауға және тестілеуге көмек көрсетуге дайын", - деді ол.

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов жаңа 2021/2022 оқу жылында оқушылардың мектепке оралуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0