18:58 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
7064 0 0

Димаш Құдайберген Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуден кейін ерекше рухани азық алғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Димаш Instagram парақшасында кездесуден фотосурет жариялады.

"Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, өр мінезі мен іскерлігі, руханиятымыз бен ұлтымызға деген жанашыр қасиеттер бойынан табылған Иманғали ағамызбен әңгімелескен сайын ерекше рухани азық аламын... Өте жақсы кездесу болды. Мен дегенде алып ұшқан жүрегіңізге, тілегі көлдей көңіліңізге көп рахмет аға!", - деп жазды әнші.

24 мамырда Димаш Құдайберген 27 жасқа толды. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жеделхатын жолдады. Онда Димаштың ән арқылы ұлттық құндылықтарымызды дəріптеп, қазақтың тілін, қоңыр домбырасын, ізгі дəстүрлерін əлемге танытып жүргені айтылған.

Әншінің туған күніне орай Димаштың қалай әлемдік жұлдызға айналғаны туралы деректі фильм жарық көрді.

Тақырып бойынша

"Масқара жағдай": Галкин Димашқа пародия жасаған актрисаны қатаң сынға алды – видео
Алаяқтар Димаш Құдайберген атынан жалған ұтыс жариялады
"Халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың": Димаш Иманбекті жеңісімен құттықтады
Димаштың туған күніне орай деректі фильм түсірілді – видео
Кілт сөздер:
Иманғали Тасмағамбетов, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып