НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй орталығы "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санаты үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлады.
Бұл бағдарламаға келесі тұрғындар қатыса алады:
- жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
- кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
- жасына байланысты зейнеткерлер;
- жетім балалар;
- қандас;
- экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
- қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасы.
Бағдарлама бойынша пәтерлердің жалпы саны – 100. Оның ішінде 30 пәтер "Жетім балалар" санатына ғана арналған. Ай сайынғы жалдау ақысы - 5 000-нан 15 000 теңгеге дейін. Өтінімдер 2021 жылдың 1 мен 8 маусым аралығында электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы қабылданады.
Оқи отырыңыз: Кімнің ипотекасын субсидиялау керек: депутат кейбір отбасыға жеңілдік беруді ұсынды
Басты шарт: "Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары" санаты бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру.
Пәтер, бөлме саны және олардың аумағы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
