Қоғам

Қазақстандық музыканттарға қылмыстық топ құрды деген айып тағылды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Күдіктілер соттың шешімімен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. "Mad MEN" музыкалық тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген айыптар тағылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Еске сала кетейік, тұрақты есірткі желісін Алматы полициясы бір ай бұрын жойған болатын. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам бар. Топты 1994 жылы туған Х. есімді ер адам басқарған.

"Х. есімді ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көзіне түскен. Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бір жыл бойы Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Оның атуынша, ер адам және оның "көмекшілерінің" қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталды. Оның әр көмекшісінің рөлдері нақты тағайындалған.

"Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауап берген, олардың бірі қыз бала, екі жас жігіт – кассирлер өтінімдер қабылдауға және есірткіні қойып кететіндерге жауап берді, тағы төрт ер адам – есірткі қоюшылар қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жүрген", – деді Алмағамбетов.

Оқи отырыңыз: Алматыда танымал музыканттар есірткі сатты деген күдікпен ұсталды – видео 

Осы істі тергеу барысында оның қатысушылары Қазақстан Қылмыстық кодексінің 262-бабы, 1-бөлігі мен 2-бөлігінде көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша айып тағылды. Күдіктілер соттың мақұлдауымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0