Қоғам

Елдана Қахарманның өліміне Түркияның лауазымды тұлғаларының қатысы болуы мүмкін – БАҚ

© PhotoСилуэт девушки на фоне реки
Силуэт девушки на фоне реки - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
21 жастағы Елдана Қахарманның денесі 2019 жылы Түркияда жалдамалы пәтерден табылды. Оның туыстары қыздың қазасы жайлы ақпаратты жариялағысы келмеді. Оқиғаға байланысты Түркияның БАҚ беттерінде түрік мафиясының мәлімдемесі мен журналистің зерттеу материалдары жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Түркиялық журналисті Барансель Агджа 2019 жылы Түркияда қайтыс болған қазақстандық Елдана Кахарманның қазасына байланысты ресми нұсқа мен куәгерлердің мәлімдемесі арасындағы сәйкессіздікті тапқанын мәлімдеді, деп хабарлады Gazete Duvar басылымы.

Елдананың қазасы

21 жастағы Елдана Кахарман Түркияда оқып, Элязыг қаласында телеарнада журналист болып жұмыс істеген.

Бастапқыда бойжеткенмен жақындары байланыса алмаған, кейіннен оның денесі жалдамалы пәтерде асылған күйде табылды. Ресми нұсқа бойынша, қыз өзіне қол салған. Содан кейін Қазақстанның сыртқы істер министрілігі Елдананың ата-анасы қызының өліміне қатысты деректі жарияламауды сұрағанын хабарлады.

Мафия Елдананы кім өлтіргенін болжады

Дубайда жасырынып жүрген түрік мафиясының басшысы Седат Пекер видео түсіріп, қыздың өзіне қол салмағанын, оның кісі қолынан қаза тапқанын айтты. Ол бойжеткеннің өліміне Түркияның ішкі істер министрі Мехмет Агар мен оның ұлы – басқарушы партия депутаты Толга Агардың қатысы бар екенін айтты.

49 жастағы Седат Пекер мамырдың басынан бері түрік шенеуніктерінің қылмысы туралы шулы мәлімдеме жасап жүр. Ол сондай-ақ оған өзінің де қатысы бар екенін, билік пен оған қатысты құрылымдардың тапсырысын орындағанын мойындады.

Пекердің айтуынша, министрдің ұлы Толга Агар 21 жастағы Елдана Кахарманды зорлап, өлтірген. Содан кейін оны өзін өлтіргендей етіп көрсеткен.

Журналист тапқан сәйкессіздік

Түрік журналисті Барансель Агджа ресми нұсқада және Елдананың қазасына қатысты куәгерлердің айғақтарындағы сәйкессіздікті тапқанын айтты. Оның сөзінше, ресми нұсқада қыздың көп мөлшерде ішімдік ішіп, содан кейін өзін өлтіргені айтылған. Алайда мәйітті ашқан кезде қыздың қанынан алкоголь табылмаған. Сонымен қатар ол мәйіттегі дақтар қыздың асылып өлмегенін көрсететінін айтты. Асылып қалған адамның денесі тік жатуы керек, алайда Елдананың денесі бірнеше сағат бойы көлденең күйде болған.

Оқи отырыңыз: Әсел Айтпаеваның өлімі: адвокат істің мән-жайын баяндады

Сондай-ақ Елдананың жігіті Джиран қыз қайтыс болған күннің алдында аяғының көгеріп кеткенін көрген. Ал Елдана ол туралы баспалдақтан құладым деп айтқан. Алайда сот-медициналық сараптама қорытындысында қыздың аяғы көгергені туралы айтылмайды. Сондай-ақ жігіт Елданаға бірнеше рет қоңырау соғып, хабарлама жібергенін айтты, алайда ол Елдананың телефонында сақталмаған.

Ал Толга Агар айыптауларды жоққа шығарып, Седат Пекерді сотқа беретінін айтты.

Жаңалықтар
0