Қоғам

"Әлдекімнің сандырағы": Перуашев желіде тараған суретке қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевПредседатель партии "Ак жол", депутат Азат Перуашев
Председатель партии Ак жол, депутат Азат Перуашев - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Мәжіліс депутаты бұл фотоның атақты мүсінші Тілеуберді Бинашевтың шеберханасында өткен қыста түсірілгенін айтты

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевтың алып ескерткіштің жанында түскен фотосы қызу талқыланып жатыр. Ескерткіштегі бейне Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезіне ұқсайды.

Сонымен қатар желіде бұл ескерткіштің Түркістанда орнатылатыны, Перуашевтың Нұрсұлтан Назарбаевқа дайындап жатқан сыйы деген де ақпарат тарады.

Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев бұл фотоның қайда және қашан түсірілгенін айтып берді.  

"Өткен қыста өзім құрметтейтін, атақты мүсінші Тілеуберді Бинашев ақсақалымыз шеберханасына шақырып, дастархан жайып, басқа да туындыларымен бірге бозбала кезіндегі досы Шәмші Қалдаяқовтың мүсінін көрсеткен еді. Сол кезде мүсінші ағамыз жасаған бірнеше жұмысының қасында тұрып, суретке түсуімді өтінген болатын. Қалғанының барлығы – әлдекімнің сандырағы ", - деп жазды Перуашев.

Түркістанда Назарбаевқа ескерткіш орнатыла ма

Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ақпарат орталығы халықаралық конференция кезінде Түркістан облысына Назарбаевқа ескерткіш орнату ұсынылғанын растады.

"Кеше халықаралық онлайн конференция болды. Жиын ТҮРКСОЙ, ТҮРКПА, Түркі академиясының бірлесуімен өтті. Оны облыс әкімдігі мен университет ұйымдастырды. Ол жерде ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтіп, осы облыста Назарбаевқа арнап ескерткіш қоюды ұсынды", - деді ақпарат орталығығының редакторы Ақерке Исабекова Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Назарбаевқа ашылған жаңа ескерткіш: сіз білмейтін бес дерек 

Айтуынша, жиынға қатысқандар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Алайда оның қашан іске асатыны әзірге белгісіз.

"Ескерткіштің қандай болатыны әзірге белгісіз. Әлеуметтік желіде Назарбаевтың жас кезі бейнеленген бір фото жарияланып жатыр. Ол әлі белгісіз. Әзірге сөз ғана, ресми түрде қабылданған құжат жоқ", - деді ол.

Жаңалықтар
0