Қоғам

Ақорда көк түтіннің астында қалды – видео

© Скрин с видео в Telegram / SputnikАқорда көк түтіннің астында қалды
Ақорда көк түтіннің астында қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2021
Жазылу
Қала көшелерінде терек ұлпалары көптеп жиналуы мен соңғы күндері ауа температурасының күрт жоғарылауы өрт қаупін күшейте түскен

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ел астанасында теректен түскен ұлпалар өртеніп, Қазақстан президентінің резиденциясы – Ақорда маңы көк түтіннің астында қалды.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желілерде видеолар жариялай бастады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

"Ұлпалар осылай өртеніп жатыр. Полицейлер оқиға орнына аттанған болу керек", – деп жазды желіде астаналық тұрғын Арай Ордабаева.

Ал төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтанда қураған ағаш пен теректің ұлпалары жанып жатқанын растады.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, тиісті жұмыстар атқаруда.

Оқи отырыңыз: Әуежайға қонар кезде ұшақтан түтін шыққан – оқиғаның видеосы

Айта кетейік, бұған дейін департамент өкілдері өрт қаупі туралы ескерткен болатын. Қала көшелерінде терек ұлпалары көптеп жиналуы мен соңғы күндері ауа температурасының +35-ке дейін көтерілуі қауіпті күшейте түсті.

Жаңалықтар
0