Қоғам

Ковидтен де қауіпті вирус пайда болады – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

© REUTERS / Christopher Black/WHOГлава Всемирной организации здравоохранения Тедрос Адханом Гебрейесус
Глава Всемирной организации здравоохранения Тедрос Адханом Гебрейесус - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Вирустармен күрес мемлекеттердің бір-бірімен ынтымақтастықта болуы керектігін көрсетіп отыр, деп атап өтті Гебрейесус   

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Ерте ме, кеш пе адамзат жаңа пандемиямен бетпе-бет келеді, ол қазіргіден қауіптірек болады, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

"Бұл вирусқа қарағанда едәуір жұқпалы және өлім-жітімді көбейтетін тағы бір вирус пайда болады", - деді ол ДДСҰ-ның 74-сессиясының ашылуында.

Ұйым басшысының пікірінше, вирустармен күрес мемлекеттердің бәсекеге түспей, керісінше бір-бірімен ынтымақтастықта болуы керектігін көрсетіп отыр.  

"Шындығында, біздің алдымызда таңдау тұр: бірлесіп әрекет етеміз немесе қорғансыз болып қаламыз", - деп аяқтады Гебрейесус.

Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың ең қауіпті штаммын атады 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 24 мамырдан 1 маусымға дейін виртуалды форматта өтеді. Оның басты тақырыбы –  COVID-19 пандемиясына қарсы күрес және денсаулық сақтау саласындағы жаңа жаһандық төтенше жағдайлардың алдын алу. Ассамблея жұмысына бүкіл әлемнен делегациялар қатысып жатыр.

Жаңалықтар
0