Қоғам

Мектептерде соңғы қоңырау қалай өтеді

© Sputnik / Абзал КалиевПоследний звонок 2020 и вручение аттестата в школах столицы
Последний звонок 2020 и вручение аттестата в школах столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Мектеп бітіруші сыныптар үшін соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр — Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мектептерге соңғы қоңыраудың әдістемелік нұсқауларын таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Білім министрлігі түлектер кешін өткізуге қатысты өз ұстанымын жариялады 

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекованың айтуынша, соңғы қоңырауды бірнеше форматта өткізуге болады.

"Ертең барлық мектепте соңғы қоңырау соғылады. Осыған орай, білім министрлігі әдістемелік нұсқауларды әзірлеп, мектептерге таратты. Онда соңғы қоңырауды өткізудің сан алуан форматтары қарастырылған", - деді Мелдебекова арнайы брифингте.

Оның айтуынша, мектеп бітіруші сыныптар үшін соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді.

"Мектептің жүктемесі көп болмаса, соңғы қоңырауды мектептің ауласында өткізуге болады. Басқа сыныптар да қатыса алады. Ал ондай жағдай болмаса, сосын санитарлық-эпидемиологиялық жағдай дұрыс болмаса, онда іште сынып сағаты үлгісінде, я болмаса, онлайн форматта өткізу керек",- деп атап өтті Мелдебекова.

Жаңалықтар
0