Қоғам

Қазақстанда күн 40 градусқа дейін ысиды

© AFP 2024 / Frederic J. BROWNСуға түсіп жүрген бала
Суға түсіп жүрген бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Қазгидромет мамандары 27 мамырдан кейін батыс пен солтүстік аймақтарға батыс Еуропадан антициклон келетінін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"25-26 мамыр күндері Қазақстан аумағында нағыз жаздың ауа райы сақталады. Оңтүстіктен келген жылы әрі құрғақ ауа массасы ыстық әрі құрғақ ауа ағымын қалыптастырады", – дейді синоптиктер.

Болжамға сәйкес, батыста ауа температурасы +30, +39 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік өңірлерде термометр бағаны күндіз +32, +38-ді көрсетсе, оңтүстік өңірлерде +40, шығыста +30, +36 градус болады.

"Дегенмен 27 мамырдан бастап батыс пен солтүстік аймақтарға батыс Еуропадан антициклон келеді. Соның әсерінен бұл аймақтарда ауа температурасы +25, +33-ке, ал солтүстікте +18, +28 градусқа дейін төмендейді", – деп атап көрсетті мамандар.

Оқи отырыңыз: Мамырда ауа райы қандай болады – Қазгидромет болжамы жарияланды

Жаңалықтар
0