11:01 21 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (222)
101 0 0

Комитет төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда әлемде COVID-19-ды екінші рет жұқтыру жағдайлары аз емес

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова коронавирусты екінші рет жұқтырғандардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейінгі брифингтерде ақпараттық базаларда коронавирусты қайта жұқтырған 802 адамның тіркелгені туралы айтылған. Ал клиникалық хаттама бойынша вирусты екінші рет жұқтыру жағдайлары жан-жақты тексеріледі. Сондай-ақ, аурудың интервалы, созылмалы белгілері және тағы басқасы ескеріледі. Өңірлерде әрбір жағдай консилиумда қаралады.

"Міне, осы жұмыстың нәтижесі бойынша бүгінде аймақтарда 589 адамның коронавирусты қайта жұқтырғаны расталды", – деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде әлем бойынша COVID-19-ды екінші рет жұқтыру жағдайлары аз емес. Ал кейбір зерттеулерге сәйкес, вирусты екінші рет жұқтыратындардың басым бөлігі – 65 жастан асқандар.

Оқи отырыңыз: Вакцинадан кейін қайтыс болғандар: министрлік 2 адамның неден көз жұмғанын айтты

Айта кетейік, Қазақстанда вакцинадан кейін коронавирустың жұқтыру жағдайлары да бар. Ресми мәлімет бойынша бірінші компонентінен кейін 541 адам, ал екінші дозадан кейін 104 адам инфекцияға шалдыққан.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (222)

Тақырып бойынша

Оралда коронавирус жұқтырған тұрғын полицейлерді аяғынан тік тұрғызды
Қазақстанда бір тәулікте вирус жұқтырған 1500-ге жуық адам анықталды
Министр Цой вирус жұқтырған оқушылар көбейгенін айтты
Қазақстанда инфекция жұқтырған адамдар саны 350 мыңнан асып кетті
Кілт сөздер:
екпе, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып