Қоғам

Нұр-Сұлтанда төртінші қабаттан құлаған бала аман қалды

CC0 / Myshanah / Ребенок тянется за соской, иллюстративное фото
Ребенок тянется за соской, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға сейсенбі - 18 мамыр күні болған

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтанда бір жасар бала төртінші қабаттан құлап, аман қалды. Бірақ қазіргі жағдайы ауыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға сейсенбі - 18 мамыр күні болған. Үйде баланың анасы және екі жасар ағасы жүрген. Әйел ваннада кір жуып жатқанда бала терезеге шығып кеткен. Сөйтіп, москит торына сүйеніп тұрамын дегенде төртінші қабаттан құлады. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде жатыр, жарақаты ауыр.

Оқи отырыңыз: Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті

Айта кетейік, жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда төрт бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен. Өткен аптада ғана төрт жасар ұл бала 10-шы қабаттағы балконнан құлап, қайтыс болды. Терезеде арнайы ілмектер де болған. Дегенмен, бала оны да ашқан.

Жаңалықтар
0