Қоғам

"Стилім сондай": базарға футболкамен барған полицей жұрттың ашуын келтірді – видео

© REUTERS / MARIYA GORDEYEVAМужчина в защитной маске отражается в боковом зеркале автомобиля в Алматы
Мужчина в защитной маске отражается в боковом зеркале автомобиля в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Оқиға Шымкенттің Еңбекші ауданындағы базарлардың бірінде болған

АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. Шымкентте полиция қызметкерінің базарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге футболкамен келгені көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Еңбекші ауданындағы базарлардың бірінде болған. Ол жерге екі полиция қызметкері барған. Бірінің үстінде құқық қорғау орғандарының арнайы формасы болған, екіншісі полицияның арнайы шалбары мен Louis Vuitton деп жазылған футболка киіп барған.

Сол маңда жиналғандар полицейді видеоға түсіріп, оның полиция формасын кимегенін айтқан. Желіде тараған видеоға сәйкес, қала тұрғындарының нарызылығына полиция қызметкері "стилім сондай" деп жауап беріп, тұрғындармен сөзге келген.

Шымкент қаласы полициясы желіде тараған видеоға түсініктеме берді. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда вокзалға бұзақыны ұстауға барған полицей ауруханадан бір-ақ шықты

"Аталған жайт бойынша Шымкент қаласының полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру барысында учаскелік полиция инспекторының бейнежазбада көрсетілген аумақтың маңында тұратыны анықталды. Ол үйінен нысанды киім кию ережесін сақтамай шығып, белгіленбеген орындарда сауда жасаудың алдын алу бойынша сатушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрған әріптесіне келген", - делінген ақпаратта.

Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша екі полиция қызметкерінің әрқайсысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Жаңалықтар
0