Қоғам

21 мамырда Тоқаевтың төрағалығымен ЖЕЭК отырысы өтеді

© Sputnik / Таалайбек ОроскуловАрхивное фото флагов стран-участниц ЕАЭС
Архивное фото флагов стран-участниц ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Кездесуге ЕАЭО елдерінің басшыларынан басқа, Куба мен Өзбекстан президенттері қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр - Sputnik. 21 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық (ЖЕЭК)  кеңестің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

"Жиынға Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысады", - деп жазды Уәли Facebook-те.

Сонымен қатар отырысқа Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес жанындағы бақылаушы-мемлекет басшылары ретінде қатысады деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері Қазанда қандай мәселелерді талқылады

Онлайн режимде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланып, ортамерзімді перспективадағы міндеттер қарастырылады.

Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі интеграциялық ықпалдастыққа және Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді реттеуге баса мән беріледі.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдыңғы отырысы 2020 жылдың 11 желтоқсанында бейнеконференция форматында өтеді.

Жаңалықтар
0