Қоғам

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді – Цой

© Sputnik / Тимур БатыршинВесна в Алматы
Весна в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Қазақстанда соңғы екі аптада вирус жұқтыру көрсеткіші 20%-ке төмендеген

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі таңда аурудың төмендеуінің оң динамикасы және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Соңғы екі жұмада вирус жұқтыру көрсеткіші өткен екі аптамен салыстырғанда 20%-ке төмендеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, Қазақстан қазір коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта орналасқан.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы

"Қызыл" аймақта 6 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары.

"Сары" аймақта 5 өңір: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.

Қалған алты өңір "жасыл" аймақта тұр.

Жаңалықтар
0