Қоғам

Дәрігер таңғы асты қай уақытта ішкен дұрыс екенін айтты

© Photo : pixabay/RitaEТаңғы ас
Таңғы ас - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Диетолог таңертеңгілік асты жұмыс күндері үнемі бір мезгілде ішу керектігін атап өтті, бұл адам организмі үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-диетолог Андрей Бобровский Sputnik-ке берген сұхбатында таңғы асты қай уақытта ішу адам ағзасына пайдалы екенін айтты.

"Таңғы асты оянғаннан кейін бір жарым сағат ішінде ішу керек. Бірнеше минут, тіпті жарты сағат айырмашылық аса қатты рөл ойнамайды. Таңертеңгілік ас қимыл-қозғалысқа, ұйқыны ашу үшін ми қызметіне энергия беруі қажет. Бұл үшін тек душ қана емес, таңғы тамақтың да маңызы өте зор", - деді Бобровский.

Маманның айтуынша, жұмыс күндері таңертең үнемі бір мезгілде тамақтанған абзал. Ал демалыста таңғы астың уақытын өзгертуге болады.

"Ең бастысы, жұмыс күндері бір уақытта тамақтану керек. Өйткені бұл адам ағзасына толығымен әсер етеді. Күнде бір мезгілде тамақ ішуге адамның ас қорыту жүйесі де, жүйке жүйесі де бейімделеді", - деп түсіндірді дәрігер.

Тағы оқыңыз: Тамақпен бірге шай ішуге бола ма –  дәрігер жауап берді

Ол кейбір адамдар үшін таңғы асты мүлде ішпеу қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті.

"Артық салмағы бар адамдардың шамамен 30-40%-і кешке немесе түнде қомағайланып тамақ жейді. Тойып тамақ ішудің басты симптомдарының бірі – таңертеңгі асқа тәбеті болмау. Сол себепті артық салмағы бар адам таңертең тамақ ішкісі келмей, кешке немесе түнде тойып ішсе, бір ғана кеңес – қаласа да, қаламаса да таңғы асты ішу", - деді диетолог.

Бобровский артық салмағы жоқ, асқазан ауруымен ауырмайтын адамдар үшін таңертеңгілік асты ішпеу қалыпты жағдай болуы мүмкін екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0