Қоғам

Бұрынғы ұлттық экономика министрі вакциналау паспортынан қате тапты

© Sputnik / Владислав ВодневПриложение ASHYQ
Приложение ASHYQ - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2021
Жазылу
Ол өзінің вакциналау паспортының суретін әлеуметтік желіге жариялап, "коронавирус" сөзінде қате кеткенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі, қазіргі кезде Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов электронды вакциналау паспортынан қате тапты.

"Енді ғана коронавирус "o" арқылы жазылғанын байқадым. Осы күйінде бұл паспортты шетелдік достарымызға көрсетеміз", - деп жазды Дәленов өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Суреттен паспорттың ағылшын тіліндегі нұсқасында коронавирус сөзі "о" әрпі арқылы жазылғаны байқалады.

Оқи отырыңыз: "Ashyq" мобильді қосымшасында вакциналау паспорты қашан пайда болады

Естеріңізге салсақ, электронды вакциналау паспорты азаматтың коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алғанын растайды. Вакциналау паспорты eGov мобильді қосымшасының "Сандық құжаттар" бөлімінде қол жетімді.

Жаңалықтар
0