05:31 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
320 0 0

Волонтер, жастар ұйымдарының өкілдерімен бірлесе "Elorda Jastary" бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жастардың баспана мәселесі қандай жолмен шешіліп жатқанын түсіндіріп өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған "Elorda Jastary" бағдарламасының негізгі бағыты – тұрғын үй мәселесі.  Сондай-ақ сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналасуға және жастар кәсіпкерлігін дамытуға көмек көрсету, кәсіптік бағдарлау, бос уақытты тиімді өткізу, салауатты өмір салтын жүргізу болып отыр.

"Қысқаша екі бағытқа тоқталғым келеді: "Elorda Jastary" жастар бағдарламасы және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жағдай жасау. Өткен жылы волонтерлермен, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесулерде "Elorda Jastary" бағдарламасының тұжырымдамасын әзірледік. Осы жылы елорданың жас мамандарын жеңілдікпен әлеуметтік несиелендірудің жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Бағдарламаға 36 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Елордалық тіркелім кем дегенде бір жыл болуы керек және бағдарлама үміткерінің жеке баспанасы болмауы қажет. Ресми жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес болуы шарт.

Осылайша аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алуға жылдық 5% жеңілдікпен 13 млн теңгеге дейін қарыз ала алады. Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шектеусіз.

Елбасының бастамасымен қолға алынған "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы да жалғасады. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам жастар баспаналы болады.

Екінші бағыт – мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау. Қалада бірқатар әлеуметтік жобалар, соның ішінде "Кедергісіз келешек" жобасы жүзеге асырылуда. Осы жоба желісі бойынша 12 бейімдеу секциясы ашылды, республикалық клиникаларға квоталар бөлінді.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты жаңа мәлімет жарияланды

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдаған болатын. Кездесуде Елбасыға елорданың экономикалық дамуы, қаланы газдандыру үдерісі, тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы, сондай-ақ қоғамдық жерлерді абаттандыру туралы ақпарат берілді.

Тақырып бойынша

Қазақстанда 20 жыл ішінде баспана бағасы қалай өзгерді
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды
Баспана бағасы қашан арзандайды – министрлік жауап берді
"Мемлекет 50 процентін өтейді": вице-министр ауылда салынатын коттедждер жайлы айтты
Еңбек министрлігі Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгеретінін айтты
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, әкім, жастар саясаты, жастар ұйымдары, жастар, тұрғын үй бағдарламасы, тұрғын үй
Загрузка...

Басты тақырып