Қоғам

Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады

© AP Photo / Andreea AlexandruВрач в защитном костюме выходит после смены в больнице с коронавирусом
Врач в защитном костюме выходит после смены в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Барлығы 353 140 қазақстандық коронавирус жұқтырып, пневмония 53 884 адамнан анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

13 мамырдағы жағдай бойынша, коронавирустан 33 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан төрт қазақстандық көз жұмды. Бір күн бұрын осындай диагнозбен 25 адам қайтыс болды.

14 мамырдағы жағдай бойынша елде коронавирус жұқтырған 39 472 адам бар, оның ішінде 14 279 пациент стационарда, 25 193 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:

  • 774 науқас ауыр жағдайда,
  • 180 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
  • 110 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Ashyq арқылы адамның қай жерге барғанын бақылай ма – министрлік жауабы

Жалпы пандемия басталғалы бері 353 140 қазақстандық вирус жұқтырды, 4 017 адам көз жұмды. Бірінші тамыздан бері 53 884 адам пневмониямен ауырды, 851 пациент қайтыс болды.

Жаңалықтар
0