05:28 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2346 0 0

Қазақстандықтардың кредитін кешіру науқанына қатысты президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр - Sputnik. Әлеуметтік желіде 2021 жылдың 1 маусымынан бастап азаматтардың барлық кредиті кешірілетіні туралы ақпарат тарап жатыр.

Instagram-да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша барлық тұрғынның кредитіне рақымшылық жасалатыны жөнінде видео пайда болды. Ақпаратқа қатысты мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли түсініктеме берді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарының кредиті мен қарызын кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны жөнінде ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр. Мен бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеймін", - деді ол.

Берік Уәли 2019 жылы бұл акция бір реттік сипатта болғанын және болашақта қайталанбайтынын айтты.

"Осылайша, Қазақстанда жоспарланған кредитті кешіру туралы видеода жарияланған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Біз халықтың әртүрлі жалған мәліметтерге сенбеуге шақырамыз, тек ресми хабарламаға сенуді сұраймыз", - деді президенттің баспасөз хатшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ

Естеріңізге салсақ, 2019 жылы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халыққа кепілдігі жоқ тұтынушылық қарыздарды өтеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілген болатын.

Тақырып бойынша

Кредит жайлы жаңалық: Парламент 490 мыңға жуық адамды қуантатын заңды қабылдады
Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа жылдық инфляцияның өсімі туралы айтты
"Қара тізімнен" шыққан 2 миллион адам тағы кредит ала ма – мамандар пікір білдірді
Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді
Кілт сөздер:
Қазақстан, Ақорда, банк, қарыз, кредит, ақша
Загрузка...

Басты тақырып