Қоғам

Аймағамбетов мектептерде қандай өзгерістер болатынын жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович
Министр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Министр білім ордаларындағы психологиялық қызметтердің жұмысына баса назар аудару қажет екенін екенін ескертті

АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанда мектептердегі қауіпсіздік күшейтіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Министр Қазан қаласында мектепте болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, сол жағдайдан сабақ алу керек екенін айтты.

"Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім. Осы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейдегі қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым. Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайдағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселерін қамтиды. Көп нәрсе нақты және келісілген әрекеттерге байланысты болады", – деп жазды Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министр психологиялық қызметтердің жұмысына баса назар аудару қажет екенін екенін ескертті.

Қазан мектебіндегі трагедия

11 мамырда таңертең Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 гимназияға 19 жастағы Ильназ Галявиев есімді сол мектептің түлегі оқ жаудырды. Куәгерлер жарылыс болғанын да айтты. Мектепте 700 адам болған. Қайғылы жағдай кезінде жеті бала мен екі мұғалім қайтыс болды. 20 адам ауруханаға түсті.

Оқи отырыңыз: Қазан мектебіндегі атыс: оқ жаудырған жігіт туралы көршілері айтып берді – видео

Жаңалықтар
0