13:00 28 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.95
  • EUR495.81
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
923 0 0

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде 50 адамнан аз тұратын ауылдарға интернет беру мәселесі әлі де талқыланып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин келесі жылы ауылдағы интернет мәселесін шешіп беруге уәде етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде 1 200 ауылды мекенде интернет мүлдем жоқ. Ал 510 ауылда интернет сапасы өте төмен. Сондықтан біз алдымен 2022 жылдың соңына дейін осы 500 ауылға сапалы интернет беруді жоспарлап отырмыз. Сол кезде 1 200 ауылға да интернет беріледі. Бірақ оны One Web технологиясы арқылы жеткіземіз", – деді Мусин мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда министр 50 адамнан аз тұратын ауылдарға интернет беру мәселесінің әлі де талқыланып жатқанын жеткізді.

Жыл сайын парламентке келген министрлер мәселені шешу мерзімін жылжыта беретінін еске салған мәжіліс төрағасы жас министрдің парламент қолдауына ие екендігін атап өтті.

"Бір өтініш бар. Осы жұмысты бір нәтижеге алып барыңызшы. Елден, халықтан ұят емес пе? Бұрынғы министрлер бес рет уәде берген. 2012 жылдан бастап айтқан уақытты бес рет жылжытты. Бүгін 2022 жыл деп отырсыз. Онда келістік қой? Біз сізді қолдауға дайынбыз", – деді Нығматулин.

Оқи отырыңыз: Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады

Министр Мусин өзі айтқан жоспарды уақытында орындауға уәде берді.

Тақырып бойынша

Ауылды жерлерге интернет жеткізетіндерге субсидия бөлінеді – министр
Министрлік ауылдағы интернет мәселесін шешудің жолын тапты
Тоқаев байланыс операторларын нашар интернет үшін жауапқа тартуды ұсынды
ЕАЭО елдері интернет-пираттармен қалай күреседі
Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 103-орында тұр
Кілт сөздер:
интернет, Бағдат Мусин
Загрузка...

Басты тақырып