НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайдың хабарлауынша, Елбасы сапар барысында түркі әлемінің астанасында бой көтерген әлеуметтік-мәдени нысандарды аралауда.
Сонымен қатар Елбасы Түркістан қаласындағы "Тұңғыш президент саябағын" абаттандыру жұмыстарымен танысып, Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты pic.twitter.com/2dK8vhyHPq
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) May 11, 2021
Оқи отырыңыз: "Қазақстандағы Венеция": Түркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды – фото
Айта кетейік, Түркістан қаласы облыс орталығы болған үш жыл ішінде қалада бірқатар нысан бой көтерді. Қаланың мәдени-рухани орталығы 290 гектарды құрайды. Оның ішіне Керуен сарай, Тұңғыш президент паркі, Нұрсұлтан Назарбаев аллеясы, бес жұлдызы қонақ үйлер мен халықаралық туризм және спорт университеті, неке сарайы, драма театр мен кітапхана кіреді. Сондай-ақ "Ұлы дала елі", "Қожа Ахмет Ясауи" музейі салынды.
Салынып жатқан "Тұңғыш президент саябағының" жалпы аумағы – 38 гектар.