04:19 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
492 0 0

Төбелес салдарынан он бір жасар бала жарақат алғандықтан, оның анасы полицияға шара қолдану туралы өтініш жазған

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлеген астаналық ер адамды полиция ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде балалар алаңында ер адамның балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлеп жатқан видеосы тараған болатын.

Кадрда екі бала бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Ер адам оларды бір-бірімен жекпе-жекке шығуға шақырады. Тіпті, олардың бірі екіншісіне жақындап, қол сермеп жатқаны анық көрінеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)

Пікір жазушылардың бірі балаларды бір-біріне өшіктіру дұрыс емес десе, енді бірі ер адамның бұл әрекеті балалардың өжет болып өсуіне көмектеседі деп санайтынын білдірген.

Осы жағдайға байланысты елорданың полиция департаменті арнайы түсініктеме берді.

"Аталған факт бойынша 37 жастағы қала тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға Бабатайұлы көшесіндегі ойын алаңында болған. Ер адам өзінің 8 жасар ұлын 11 жастағы баламен төбелесуге көндіруге тырысқан", – делінген хабарламада.

Төбелес салдарынан 11 жасар бала жарақат алған және оның анасы полицияға шара қолдану туралы өтініш жазған.

"Соның негізінде, ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді", – дейді елордалық полицейлер.

Теміртаудағы балалар төбелесі

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың құқықтарын бұзған және олардың денсаулығына зиян келтіргені үшін тиісті деңгейде жауапкершілік қарастырылғандықтан, тәртіп сақшылары мұндай әрекеттердің алдын алу керектігін ескертеді.

Десек те, 8 мамыр күні кешке Теміртау қаласындағы аулалардың бірінде төбелесіп қалған екі баланы ажыратуға әкелері шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мән-жайды анықтау барысында балалардың бірінің 43 жастағы әкесі қарсыласының бетінен ұрып жіберген, оған ашуланған 32 жастағы тұрғын үйден қару алып шығып, екі рет аспанға оқ атып, кетіп қалған.

Оқ ату салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

"Қашқынды ұстау үшін облыстық ішкі істер органдарының жеке құрамы жұмылдырылып, тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Тақырып бойынша

Министрлік Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес туралы ақпарат берді
"Басы тиіп кетті": Ақтау мал базарында жаппай төбелес болды – видео
ММА жекпе-жегінен кейін жаппай төбелес басталды – видео
Алматы базарындағы төбелес видеосы қызу талқыланып жатыр: полиция не дейді
Нұр-Сұлтанның қақ ортасында болған төбелес видеоға түсірілді
Кілт сөздер:
балалар, төбелес
Загрузка...

Басты тақырып