Қоғам

Қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық – Назарбаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаНурсултан Назарбаев возложил цветы к Мемориалу Славы
Нурсултан Назарбаев возложил цветы к Мемориалу Славы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2021
Жазылу
Бірлігі жарасқан қоғам ғана зор жетістіктерге жете алатынын Қазақстан халқы жақсы біледі, деп мәлімдеді Елбасы

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Елбасы жыл сайын 9 мамыр күні әкелеріміз бен аталарымыздың адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста көрсеткен ерен ерлігі мен қаһармандығы еске алынатынын атап өтті.

"Бұл күні біз үшін зор мақтаныш пен нағыз патриотизмнің үлгісіне айналған ардагерлердің алдында басымызды иеміз. Соғыс құрбандарына тағзым етіп, осы күнге аман жеткендерге құрмет көрсетеміз. Олардың  жауынгерлік ерлігі мен тылдағы еңбегінің арқасында біз бейбіт әрі тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпай, оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету – біздің қастерлі борышымыз", - делінген Елбасы сайтында жарияланған құттықтауда.

Назарбаев 1945 жылғы мамыр айындағы Ұлы Жеңіс ортақ мақсатқа жұмылған халықтардың ауызбірлігінің, достығы мен өзара көмегінің жарқын символына айналғанын атап өтті.

Оның айтуынша, бірлігі жарасқан қоғам ғана зор жетістіктерге жете алатынын Қазақстан халқы жақсы біледі. Тәуелсіздіктің отыз жылындағы тәжірибе – соның айқын дәлелі.

Жарты миллион қазақстандық Жеңіс жолында қаза тапты – Тоқаев

"Біз осы кезеңде қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық. Өзара сыйластық, тұрақтылық пен тыныштық еліміздің орнықты әрі үйлесімді дамуының кепілі болды. Тарихтан сабақ алып, халқымыздың бірлігін ең басты құндылық ретінде сақтап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін", - деп мәлімдеді Елбасы.

Ол қазақстандықтарға мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, ашық аспан тіледі.  

Жаңалықтар
0