09:00 21 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.82
  • EUR509.75
  • RUB5.93
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
88 0 0

Биыл адамзат тарихында Екінші дүниежүзілік соғыс атанған қан майданның аяқталғанына 76 жыл толып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Бүгін – Кеңес Одағының II дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен күні. 1941-1945 жылдары болған соғысқа 35 миллион адам қатысты.

Сұрапыл соғыста 26,6 миллион Кеңес әскері қаза тапты. Қазақстаннан қан майданға 1,8 миллион адам аттанды. Оның 600 мыңы отанына оралған жоқ. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанкештілікпен қорғап, Украина мен Беларусь, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.

Бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақ алды. Олардың бесеуі бір, төртеуі екі, екеуі үш орденмен марапатталған. Бес дивизия гвардиялық атақ алды. Олардың қатарында Кеңес Одағының батыры Иван Панфилов атындағы атақты 8-ші гвардиялық дивизия да бар.

Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Ал 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағының батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді. 1941 жылы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған атқыштар батальоны мен Иван Карпов басқарған 1075-ші атқыштар полкі Мәскеу түбінде бір ай бойы үздіксіз ұрыстар жүргізіп, дұшпанға қарсы шабуылға шығып отырды.

Батырлардың қатарында пулеметші Мәншүл Мәметова және снайпер Әлия Молдағұлова да бар. Екеуі де майдан даласында қаза тапты. Кеңес Одағының батыры атағын алғандардың ішінде атқыштар – Баймағамбетов, Лутфуллин, Мин Сен Юр, Тоқтаров, артиллеристер – Муткенов, Новиков, ұшқыштар Әбдіров, құрыш бұзушы Миллер, минометші Сыпатаев, атты жауынгер Қаратаев, саперлер – Қаратаев пен Гончаров, саяси жетекші Ғабдуллин, торпедалық катердің командирі Ущев, атқыштар дивизиясының командирі Сафиуллин және тағы басқа да азаматтар бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық кавалері атанды.

Бұдан бөлек, төрт қазақстандық – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский екі мәрте Кеңес Одағы батыры атанды. Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақстандық Қошқарбаев, капитан Чупрета, минометші Бақтыгереев, пулеметші Вицько, байланысшы Волочаевтар болды.

Қазақстан аумағында шайқас болған жоқ, бірақ республика майданның берік тылына айналды.

Жеңіс күні Қазақстанда мемлекеттік мейрам ретінде атап өтіледі. Алайда биылғы пандемияға байланысты салтанатты шаралар келесі жылға ауыстырылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін әскери парадқа да бармайды. Мемлекет басшысы отандастарға арнайы құттықтауын жолдайды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда Талғат Бигелдиновтің алып мүсіні ашылды – фото

Қазақстанда былтыр да эпидемиологиялық жағдайға байланысты Жеңіс күніне орай әскери парадты және бұқаралық шараларды өткізбеуге шешім қабылданған болатын. Бұқаралық шаралар ұйымдастырылмаса да, ардагерлер назардан тыс қалған жоқ. Оларды ел басшылығы, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер құттықтады.

Ал 2021 жылы елордада ардагерлер үшін көшпелі концерт өткізу жоспарланып отыр. Мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір миллион теңгеден қаржылай қолдау көрсетілді.

Тақырып бойынша

Посткеңестік елдер пандемия жағдайында Жеңіс күнін қалай атап өтеді - видео
Мүгедек жан Жеңіс күні құрметіне Уфадан Астанаға арбамен сапар шекті
Жеңіс күні қарсаңында әскери ансамбль автобус жолаушыларының көңілін көтерді
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Жеңіс күніне қатысты қандай шешім қабылданғанын айтты
Ресейдің 30-ға жуық қаласында Жеңіс күні құрметіне әскери парад өтеді
Кілт сөздер:
Жеңіс күні, 9 мамыр
Загрузка...

Басты тақырып