18:57 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан - 2021 (27)
2424 0 0

Қадір түнінде отандық телеарналар мен "Халық арна", "Хикмет ТВ" және muftyat.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы онлайн бағдарлама көрсетіледі

АЛМАТЫ, 7 мамыр – Sputnik. Биыл Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режимде өтеді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Еліміздегі және әлемдегі көптеген қоғамдық іс-шара мен жиындар онлайн режимде өтіп жатыр. Оның басты себебі пандемиялық жағдайды одан сайын күрделендірмеу екені белгілі. Өйткені жұқпалы дертпен оқшаулану арқылы ғана күресудің маңызы күн сайын артуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі пандемиялық жағдайды ескеріп, қауіпті дерттің таралуын алдын алу үшін қасиетті Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режімде өтетінін хабарлайды", - делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ дін саласының мамандары Қадір кешін үйде өткізуге шақырды. Халықтың денсаулығы мен өмірі бәрінен қымбат құндылық болғандықтан, осындай уақытша шешімді дұрыс қабылдауларыңызды және тәртіпке бағынуларыңызды сұраймыз, деді басқарма өкілдері.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жұма намазын оқуға рұқсат берілді 

Осылайша  Қадір түнінде отандық телеарналар мен "Халық арна", "Хикмет ТВ" және muftyat.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы онлайн бағдарлама көрсетіледі.

"Қасиеті мол қадір түні" онлайн бағдарламасында белгілі ғалымдар уағыз-насихат айтады. Сондай-ақ Құран хатым дұғасына қатысуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар қазақстандықтар діни басқарма жанындағы ақпарат беру орталығынан 8 7172 33 30 30 нөміріне хабараласып, тәулік бойы қызықтырған сауалды қоя алады.

Айта кетейік, 2021 жылы Рамазан айы 13 сәуірде басталды. Қасиетті ай 12 мамырға дейін жалғасады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.

Тақырып:
Рамазан - 2021 (27)

Тақырып бойынша

Қасиетті Рамазан: әлем елдеріндегі мұсылмандар ауызашарға не жейді – фото
Алматы облысында мешіт тоналып, көрші ауданның тұрғыны күдікке ілінді
Нұр-Сұлтанда тұрмысы төмен 4 мыңнан астам отбасыға азық-түлік тапсырылады
Рамазан-2021: Нұр-Сұлтанда ауызашар қоржындары таратылып жатыр - видео
"Ол күн алыс емес": Тоқаев жамағатты сабырға шақырды
"Маған айыппұл салыңыз": Рамазан айында депутаттардың басы дауға қалды
Кілт сөздер:
Рамазан, мәлімдеме, Қадір түні
Загрузка...

Басты тақырып