Қоғам

Қазақстан коронавирустың "сары" аймағына оралды

© Sputnik / Медина КураковаПешеходный мост через реку Есиль в Астане
Пешеходный мост через реку Есиль в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2021
Жазылу
Шымкент "қызыл" аймақтан қайта шықты, ал Маңғыстау облысы "сары" аймаққа орын ауыстырды

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жаңартты.

Шымкент "қызыл" аймақтан шығып, Маңғыстау "жасыл" аймақтан "сарыға" орын ауыстырды.  

Қазақстан тұтастай алғанда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "сары" аймақта тұр.

6 мамырдағы жағдай бойынша:

  • "қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары;
  • "сары" аймақта - Шымкент, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары;
  • "жасыл" аймақта - Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Еске сала кетейік, өңірдің қай аймақта орналасқанына қарай бизнес, әлеуметтік және діни нысандардың жұмыс істеу ережесі өзгереді.

Соңғы тәулікте Қазақстанда COVID-19 жұқтырған 2 443 науқас тіркелді. Жалпы республика бойынша 334 812 адамның ауырғаны ПТР-тест арқылы расталды.  

Жаңалықтар
0