04:51 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (221)
91 0 0

Ресейлік "Спутник V" вакцинасының екінші дозасы бұрынғыдай 21 күннен кейін емес, 45 күн өткен соң егіледі

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші дозасын салу интервалы неге ұзарғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізге вакцинаны әзірлеген Гамалея атындағы орталықтан хат келді. Онда "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші компоненті арасындағы интервалды 21 күннен 90 күнге дейін созуға болатыны жазылған. Хатта, сондай-ақ, интервалдың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтіні, кейде тіпті күшеюіне және ұзақ сақталуына әкелетіні көрсетілген. Осы құжат негізінде біз бас санитар дәрігердің қаулысына өзгеріс енгіздік", - деді Цой брифингте.

Десе де, айтуынша, егер қажеттілік болса, қазақстандықтар екінші дозаны 21 күннен кейін салдыра алады. Ол үшін алдын ала өтініш жазу керек.

"Бірінші компонент – негізгі, бізге қажетті иммунитетті береді. Екіншісі иммунитетті аздап көтереді", - деп түсіндірді министр.

Ол вакциналау кезеңдерінің аралығын ұзарту әлемдік тенденция екенін атап өтті. Айтуынша, қазір басқа елдер де вакциналау мерзімін созған.

Еске салсақ, Қазақстанда ресейлік "Спутник V" вакцинасының екінші дозасы бұрынғыдай 21 күннен кейін емес, 45 күн өткен соң егіледі.

Егер азаматтар белгілі бір себептермен II компонентті 45-ші күні салдыра алмаса (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқа), вакциналауды 90 күн ішінде жүргізуге мүмкіндік беріледі. Бұл талап "Спутник V" вакцинасын 21 сәуірден бастап алған адамдарға қатысты.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (221)
Загрузка...

Басты тақырып