Қоғам

"Адамдардың басын қатырмайық": Нығматулин Цойға шүйлікті

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте КазахстанаМинистр здравоохранения Алексей Цой
Министр здравоохранения Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
Мәжіліс төрағасы денсаулық сақтау министріне журналистермен, халықпен кездескенде қолда бар цифрды жасырмай, ашық айтуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрлігінен вакциналанған адамдар санын дұрыс санауды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс отырысында депутаттар денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан вакциналау қарқынын арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

Цойдың айтуынша, Қазақстанға 2,3 миллион вакцина дозасы жеткізілді. Қазіргі таңда 1,4 миллион адамға бірінші компонент салынды.

"Екінші компонент 21 күннен соң, максимум 45 күннен кейін егіледі. Десе де бірінші компонентті салдырғандарда 15-ші күннен кейін антидене пайда болады", - деді министр.

Депутаттар министрден вакциналанған деп кімді санауға болатынын нақтылауды сұрады: вакцинаның тек бір дозасын алғандарды ма, жоқ әлде екі дозасын салдырғандарды ма.

"Егер бұл екі дозалы вакцина болса, вакциналаудың толық курсын аяқтау үшін міндетті түрде екі вакцина салдыру қажет", - деп жауап берді Цой.

Оқи отырыңыз: "Қалай басқарып отырсыз?": министр микрофон үшін Нығматулиннен сөз естіді

Айтуынша, бүгінде екінші компонентті тек 400 мың азамат қана алған. Осы кезде сөзге мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин араласты.

"Журналистермен, халықпен кездескенде қолда бар цифрларды жасырмай, ашық айтыңыз. Ал мынау эквилибристика бәрінің тепе-теңдігін бұзды. Қазір ғана екінші доза 21 күннен кейін егіледі дедіңіз. Ал орынбасарларыңыздың бірі 90 күн дейді. Сіз максимум 45 күн деп отырсыз. Барлығын шатастырып жібердіңіз! Адамдардың басын қатырмайық. Егер екі вакцина болса, демек, екеуін де салдыру қажет. Он бес күннен кейін антидене пайда болады деп ақталып жатқанға ұқсайсыз, Алексей Владимирович. Екі вакцина алған адам ғана вакциналанған деп саналады. Міне, соларды есептеу керек", - деді спикер.

Жаңалықтар
0