Қоғам

Елбасы протоколының бастығы тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневНазарбаев Центр. Библиотека первого президента Казахстана
Назарбаев Центр. Библиотека первого президента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
Арслан Дәндібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Елбасы протоколының бастығы қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Әділ Жанұзақов Қазақстанның Тұңғыш президенті протоколының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлады Elbasy.kz.

​​"Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанұзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы протоколының бастығы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жанұзақов бұған дейін Елбасы протоколы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 

Айта кетейік, Арслан Дәндібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Елбасы протоколының бастығы қызметінен босатылды.  

Жаңалықтар
0