Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 39 адам қайтыс болады

© Photo : пресс-служба премьер-министра РКБыли продемонстрированы образцы ИВЛ-аппаратов и мониторов транспульмонального давления
Были продемонстрированы образцы ИВЛ-аппаратов и мониторов транспульмонального давления - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
15 мыңнан астам адам ауруханада емделуді жалғастырып жатыр, олардың 800-ге жуығының жағдайы ауыр  

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте 34 адам коронавирус инфекциясы салдарынан, бес адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

5 мамырдағы жағдай бойынша елде коронавирус жұқтырған 44 572 адам бар (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-), оның ішінде 15 015 пациент стационарда, 29 557 пациент амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ пациенттерінің арасында:

  • 784 науқас ауыр жағдайда,
  • 196 науқас өте ауыр жағдайда жатыр,
  • 117 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 2 298 адамнан коронавирус инфекциясы, 29 адамнан вирусты пневмония анықталды.

Жаңалықтар
0