Қоғам

Желіде масаның коронавирус тасымалдайтыны туралы хабарлама тарап жатыр

© AP Photo / Andre PennerКомар
Комар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Жазылу
Қазнет қолданушылары жазда маса шақса COVID-19 жұқтыруға болады деп алаңдауда

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Әлеуметтік желіде коронавирус маса арқылы жұғады деген ақпарат талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының пікірінше, жәндіктер инфекция тасымалдайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қансорғыш жәндіктер адамдарға COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Қазіргі кезде SARS-CoV-2 вирусы масалардың шағуы арқылы берілуі мүмкін екені туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін мұқият сақтаңыз", – делінген ұйымның сайтында.

Айта кетейік, Sars-CoV-2 вирусы ауа-тамшы жолдарымен беріледі. Ол сілекей мен ылғал бөлшектерінде, сондай-ақ мұрыннан аққан бөліністерде болады.

Оқи отырыңыз: Баланың коронавирустың ауыр формасына шалдыққанын қалай анықтауға болады

Жаңалықтар
0