09:54 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (814)
4454 0 0

Жазғы мектептегі сабақ үш аптадан аса уақытқа созылады. Сабақ тегін өтеді, оған ерікті түрде кез келген оқушы қатыса алады

АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанда мамырдың соңында жазғы мектептер ашылады, ол жерде қашықтан оқыту кезінде оқу үлгерімі нашарлаған оқушылар олқылықтың орнын толтыра алады, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Аппарат жиналысында Аймағамбетов биыл оқу жылы елдегі мектептерде дәстүрлі түрде 25 мамырда аяқталатынын айтты.

"26 мамырдан 19 маусымға дейін мектептерде жазғы мектеп ұйымдастырамыз. Жалпы бұл ерікті түрде болады, ол қосымша қаржыландыруды қажет етпейді", – деді министр.

Министрліктің мәлімдеуінше, жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-ана өтініш жазуы керек.

Жазғы мектепке ниет білдірген барлық бала қатыса алады. Ол тегін болады, үлгерімі төмен балаларға басты назар аударылады.

"Үлгерімі төмен балаларға көп көңіл бөлуіміз керек. Бізде әдетте талантты, дарынды, үлгерімі жақсы балаларға көп көңіл бөлінеді. Ондай балалармен жұмыс істеу оңай әрі қызық екені түсінікті, алайда бұл жағдайда басты назар үлгерімі төмен балаларға аударылуы тиіс", – деді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Тоқаев нағыз масқара деп атаған дәретхана мәселесі ай соңына дейін шешілуі керек

Жазғы мектепте сабақ беретін мұғалімдерге қосымша ақша бөлу жоспарланбаған. Педагогтар осы жылға бекітілген жүктеме аясында жұмыс істейтін болады. Ұстаздар 19 маусымнан кейін жазғы демалысқа шыға алады.

Сонымен қатар министр жазғы мектептердің жұмысына қатысатын мұғалімдер үшін есеп беруін азайтуды тапсырды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (814)

Тақырып бойынша

Алматы облысында оқушылар тауға шығып сабақ оқып жүр
Кейбір қазақстандық оқушылар каникулда сабақ оқуы мүмкін
Елорда мектебінде сабақ кезінде төтенше жағдай болды – видео
Сенаторлар қашықтан оқытуға байланысты мектептерде қосымша сабақ енгізуді ұсынды
Мәулен Әшімбаев оқу бағдарламасына жаңа сабақ енгізуді ұсынды
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, білім беру
Загрузка...

Басты тақырып