03:13 06 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.85
  • EUR512.35
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2478 0 0

Қазақстан мектептеріндегі "дәретхана" мәселесі 2019 жылдың желтоқсанында Таразда оқушыны зорлап кеткеннен кейін шешіле бастады

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Осы оқу жылының соңына дейін Қазақстан мектептеріндегі көше дәретханалары жойылуға тиіс, деп мәлімдеді білім министрі Асхат Аймағамбетов.

"Осы жылдың мамыр айының соңына дейін тапсырманы орындау мерзімі аяқталады: көшедегі санитариялық тораптар 100% жұмысын тоқтатуы керек, жылы дәретханалар болуға тиіс", - деді Аймағамбетов сейсенбідегі аппарат отырысында.    

Қазақстан мектептеріндегі көше дәретханаларын жою жұмыстары 2019 жылы оқушы зорланғаннан кейін қолға алынды. 2019 жылдың қараша айында Тараз қаласының 12 жастағы оқушысы мектеп аумағындағы көше дәретханасына барған кезде зорлық-зомбылыққа ұшырады.

Президент: Таразда болған оқиға – нағыз масқара

Трагедия қоғамдық резонанс тудырды: мектеп басшылығы мен қала шенеуніктері жазаланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайды нағыз масқара деп атап, барлық мектепте 2020 жылдың соңына дейін оқушыларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды.

Загрузка...

Басты тақырып